Негізгі бет
Пән/модуль
сипаттамасы:
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Жұмыс
оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
31 қазандағы № 553 бұйрығына 399-1 қосымша бұйрығына сәйкес әзірленген.
Жұмыс оқу бағдарламасы мамандық: 08410100 «Ветеринария», біліктілік: 3W08410103 «Ветеринарлық санитар» мамандықтарындағы білім алушыларға әзірленген. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: барлығы 34 сағат, оның ішінде 18 сағат теориялық, 16 сағат тәжірбиелік сағат. Қорытынды аттестациялау түрі: сынақ. II семестр 34. Жоспар бойынша 2 бөлім қарастырылады.
Қалыптастырылатын құзіреттілік: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын құрастыруға және рәсімдеуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: мемлекеттік тілде іс жүргізу негіздерін, іскерлік құжаттарды жасау тәсілдері мен функцияларын, құжаттардың жіктелуін, тасмалдағыштар мақсатын, құрамдас бөліктерін, рәсімдеу ережелерін меңгереді. Орыс және шетел тілінің және кәсіби лексикасының негіздерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бағдарламасы бойынша білім алушылар: компьютерлік технологияларды қолдана отырып, кәсіптік қызметке қажетті қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде құрастырып үйретеді.